Мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада өз мәресіне жетті

(0 Votes)

Облыстық Спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасындағы спартакиаданың республикалық кезеңі өз мәресіне жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осы жылдың 13-17 шілдесінде Петропавл қаласында ұйымдастырылған спартакиада футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд, тоғызқұмалақ және қазақ күресінен өтті. Дүбірлі додада еліміздің 16 өңірінен келген 700-ге жуық мемлекеттік қызметшілер аталған осы спорт түрлерінен сынға түсті.
- Үш күнге созылған спартакиаданың нәтижесінде, облыс құрамасы жалпы есептік көрсеткіш бойынша 16 өңірдің ішінен 5-ші орынға табан тіреді. Бұл облыс үшін жақсы көртсеткіш, деді І.Шайхиев.
Жекелей спорт түрлері бойынша жүзу құрамасы І орынға, қазақ күресі ІІ орын және тоғызқұмалақ құрамасы ІІІ орындарға ие болды. Жалпы облыс құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдеге қол жеткізді.
Жүзуден облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Наргиз Супалдиярова және қазақ күресінен облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Бекбол Абуов алтын медаль еншіледі. Ал, Қызылқоға ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің басшысы Қуанышбек Қазыбеков балуандар бәсекесінде күміс жүлде иегері атанды.
Қола жүлдеге жүзуден облыстық Құрылыс басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Қазбаева және тоғызқұмалақтан Құрманғазы аудандық Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жаннұр Хамитова, Исатай аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов ие болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT