Мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы 56%-ға азайды

(0 Votes)

Жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласынан кету деректері 2019 жылмен салыстырғанда 56%-ға азайды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында мәлімдеді.

Жалпы, облыста 256 мемлекеттік органда 2788 мемлекеттік қызметші еңбек етсе, олардың 1445-і жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаруда.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдардағы қызметшілердің сапалық құрамы бойынша 94,5%-ы жоғары білімді азаматтар (жоғары білімділер – 1366, орта кәсіптік білімі барлар – 79). Олардың қатарында «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 17 түлегі бар.

Есептік ақпараттарға сүйенсек, 2022 жылы Академияға 10 мемлекеттік қызметші оқуға қабылданып, 20%-ға артқан (2022ж.-10, 2021ж.-8).

Атап өту қажет, облысымызда 61,8%-ы – әйелдер (1723), 38,2%-ы ер азаматтар (1065) болып табылады, олардың ішінде жастардың үлесі – 16,3% құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз