Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілді. 

Әдеп кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады.                                                                                                               

Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.                                                        

Әдеп кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар күшейе түсті. Мемлекеттік  қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.                                                   

Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс. 

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметкерлері арасында үнемі Әдеп туралы отырыс-кеңестер өткізіліп отырады. Қазіргі таңда Департамент және аудандық басқарма қызметкерлері арасында Әдеп кодексіне қайшы келетін теріс қылықтармен тіркелген қызметкерлер жоқ.

Сеитова Айнур Ерсаиновна,

Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің                                       

Әдеп жөніндегі уәкілі                          

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT