Президент облыстағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстап отыр. Су басу қаупін сейілту үшін барлық шара қабылданып жатыр және бұл жұмыстар одан әрі күшейтіледі.
▪️Үкімет қарғын судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді, сондай-ақ материалдық шығындар өтеледі.
▪️Облыс әкімі Серік Шәпкеновпен сөйлесу барысында Президент ешқандай отбасы, бірде бір тұрғын мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді және оларға өзінің жылы лебізін білдіріп, әрдайым қолдайтынын жеткізуді тапсырды.
t.me/aqorda_resmi