Мемлекет басшысы Digital Aqmola орталығында болды

(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевқа Digital Aqmola орталығында Ақмола облысын цифрлық жаңғырту жоспары баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент «103», «109», «112» жедел қызметтерін ортақ платформаға топтастырған І-Komek бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты.

Digital Aqmola жобасы көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, қауіпсіздік, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі салаларға орталықтандырылған мониторинг жүргізеді.

Айта кетейік, Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.

Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT