Медициналық қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер ПТР тест тапсырмайды

(0 Votes)

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова «Медициналық қарсы көрсетілімі бар қызметкерлер ПТР тестінен өтуі керек пе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ҚР Конституциясының 29-бабына сәйкес, әр адамның өзінің денсаулығына қатысты құқығы бар. 12-бапқа сәйкес азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.

«Осылайша, біз денсаулығына байланысты немесе қарсы көрсетілімдері бар вакцина алмағандарды адамдарды қорғауымыз керек. Мемлекеттік бас дәрігердің құзыреті туралы да жиі сұрақ қойылады. «Денсаулық туралы» кодексте оған шектеу шараларын енгізуге өкілеттік берілген. Бұл ретте шектеу шаралары тізбесінде ұжымдық және жеке профилактиканы міндетті түрде қолдану көзделген. Вакциналаудың коронавирус инфекциясының жеке және ұжымдық алдын-алудың ең тиімді әдісі екенін айтқым келеді», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикер ҚР Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес, қызметкердің әрекеті немесе әрекетсіздігі айналасындағы адамдардың немесе қызметкерлердің денсаулығына әсер етсе, жұмыс берушінің жұмыстан шеттетуге құқығы бар екенін еске салды.

«Жұмыстан шеттету кедергі жойылмайтын сәтке дейін жүзеге асырылады. Әрине, адам вакцина алса, ол жұмысқа оралып, оффлайн форматта жұмысын жалғастыра алады. Біз қазір таңдау құқығын беріп отырмыз: вакцина алу немесе ПТР тестілеуден өту. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер ПТР-тестілеуден өтпейді. Ал қарсы көрсетілімі жоқ және вакцина алмағандар міндетті түрде 7 күн сайын ПТР-тесттен өтуі тиіс», - деді Айжан Есмағамбетова.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика