Мақатта «Заң керуені» акциясы жалғасуда

(0 Votes)

Атырау облысының  прокуроры мен облыс әкімінің бірлескен өкіміне сәйкес өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын  «Заң керуені» акциясы бүгін, 28 қазан күні Мақат ауданында өткізілуде.

Аталған шараның басты мақсаты - облыс көлеміндегі ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету.  

3d-r9

Акция барысында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлерінен құралған мобильді топ жұмыс істейді.

w-5f9b6

Аудан орталығындағы «Ашық әкімдік» ғимаратында ұйымдастырылған акцияда тұрғындар арнайы құралған топ мүшелеріне өз сауалдарымен жүгініп, толымды жауаптарын алды.

Айта кетейік, түстен кейін «Заң керуені» акциясы Бәйгетөбе ауылдық округі және Доссор кентінде жалғасады.

8r6f7b6v

20 қазан күні басталған аталмыш акция осы уақытқа дейін Құрманғазы және Исатай аудандарында өтсе, 10 қарашаға дейін барлық аудан, қаладағы елді мекендерді қамтитын болады.

М.Ізтұрғанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT