Мақатта рәміздер күніне орай автошеру өтті

(0 Votes)

 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай орталық алаңда мерекелік шара өтті. Салтанатты жиынға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік шарада алдымен еліміздің көк Туы ортаға әкелініп, Мемлекеттік Әнұран орындалды.

Шара басында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов тұрғындарды мерейлі мерекемен құттықтады.

“Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Елтаңбамыз мәңгі жарқырап, көк туымыз мәңгі желбірей берсін! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болғай!”, - деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов.

Әрі қарай, шара барысы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Атап айтқанда, Ақболат Отаубаев, Айзада Хабибуллаева, Шахизада Қоныспаева, Қайырбек Бағытов, Данияр Еримов, Гүлнар Арыстанқызы, Әйгерім Аманғалиқызының орындауындағы патриоттық әндер көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал “Алға Қазақстан!” әніне флешмоб билеген “Шаттық” үлгілі би ансамблі мерекелік шараны қорытындылады.

Айта кету керек, еліміз үшін ерекше мәртебелі күнде көк туды желбіреткен автошеру өтті. Бұл шараға 10-ға жуық автокөлік қатысты.

Ә.ҚАСЫМ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT