Оқушылардың технопаркі мен бизнес инкубаторлар желісін құру ұйымдастырылады. «Бұл туралы тамыз кеңесінде Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев айтты» деп хабарлайды облыстық білім беру басқармасының баспасөз-қызметі.
«Алдағы оқу жылынан бастап, шығармашылық орталықтар жанында оқушылардың технопаркін және бизнес инкубаторлар желісін құру жұмыстарын ұйымдастыруымыз қажет» деді Сатқан Есенғалиев.
Сондай-ақ ол Мақат ауданында Оқушылардың шығармашылық орталығы салынатынын атап өтті.
⠀
Еске сала кетелік, шілде айында Атырау қаласында Оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілген еді.
Сурет: ашық дереккөз