Бұл туралы Атырау облысының коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин баяндады.
Аудан әкімі 2021 жылдың 4 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, аудандағы өнеркәсіп көлемі 25 млрд 54 млн теңгені құрап отырғанын айтты.
- Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2021 жылдың 4 айында 5 527 млн.теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38,7% артық, – деді Ш.Кейкин.
Сурет: ашық дереккөз