Мақат аудандық прокуратурасы аудан мектептерінде кешенді тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды.
Бас прокуратураның тапсырмасы негізінде барлық меншік нысанындағы білім беру ұйымдарында 100-ден астам бұзушылық (қауіпсіздік құрылыс, мемлекеттік сатып алу, білім беру сапасы, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар, өрт қауіпсіздігі және т.б.) фактілері анықталды.
Мектептерде денсаулыққа қасақана ауыр немесе аса ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар жұмысқа орналастырылған. Жоғарғы сынып оқушыларының ұрып-соғу фактілерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
8 мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Қазіргі уақытта осы сайттарға қолжетімділік шектеліп, кінәлі тұлғалар ӘҚБтК-нің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Барлығы 9 мемлекеттік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша 13 ұсыну енгізілді, 33 тұлға әкімшілік жауаптылыққа, 73 тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Мақат аудандық прокуратурасы