Мақат аудандық полицейлері жас анаға жанашырлық танытты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

5  қазан күні Мақат аудандық полиция бөліміне Мақат кенті тұрғыны 21-жастағы азаматша, өзінің заңды некедегі жолдасының ұрып-соғып, үйінен  өзін қуып жіберіп, жастан жаңа асқан сәбиін алып қалып, бермей қойғанына арызданып, баласын алып беруіне өтініш білдіреді деп,-хабарлайды Мақат аудандық КТІЖ инспекторы.

Хабарлама түскен бойда учаскелік полиция инспекторларымен ювеналды полиция инспекторы Камшат Оразбекқызы арыз иесінің мекен жайына барып, жолдасы 43-жастағы азаматқа қорғау нұсқамасын беріп, арыз иесіне тиіспеуге, мазалап, басқа да іс әрекеттер жасауға болмайтынын айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жолдасынан кеткісі келген азаматшаға полицейлер Атырау қаласындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел адамдарды орналастыратын дағдарыс орталығына орналастыратындарын ескертті.

Сәби мен құжаттарын қолына алған арызданушы дағдарыс орталығынан бас тартып,  ата-анасына ШҚО Өскемен қаласына кеткісі келетінін айтты.

Жас келіншектің жағдайына жаны ашыған аға лейтенант Камшат Серікбаева, алдымен  оның Өскемендегі анасымен телефон арқылы сөйлесіп, қызын күтіп алатынын білді. Теміржол вокзалына барып, жолына билеттерін, бала мен анасына тағамдары мен жолға керекті заттарын алып беріп, 8 қазан күні жолға шығарып салды.

Полиция аға лейтенанты Камшат Серикбаеваның өзіне көрсеткен көмегі үшін  жас ана   алғысын білдірді.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521