Мамандықтар көрмесі өтті

Мамандықтар көрмесі өтті
(0 Votes)

Ауданда жұмысшы мамандарды даярлайтын Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі «Адал еңбек – адал табыс» тақырыбында мамандықтар көрмесін өткізді. 

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің базасында өткен көрмеге аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Жалғасқызы,  аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Матайқызы мен  әлеуметтік серіктестер - «ИЗМАГАМБЕТОВ» жеке кәсіпкерлігінің басшысы  Қанат Саматұлы, «Әділет» шаруа қожалығының маманы Салихат Әділетұлы арнайы қатысты. 

Алдымен колледж директоры Гүлфара Абенова қонақтарға қош келдіңіздер айтып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. 

Одан соң әр мамандық бойынша студенттер жұмыс жасау процестерін көрсетті. Аңғарғанымыз, көрмеге қатысқан мектеп оқушылары студенттердің жұмыстарына қызығушылықтарын білдіріп, сұрақтарын қойып жатты.

Мамандықтар көрмесі аясында Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжі мен аудандық білім бөлімі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім колледж бен мектептер арасындағы тәжірибе алмасу, кәсіптік  бағдар беру жұмысын бірлесе жүргізу, бірлескен жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT