Мал иелеріне жарық шағылыстырғыштар таратылуда

(0 Votes)

Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың нұсқауына сай, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Солардың бірі республикалық маңызы бар тас жолдарда малмен болатын жол апаттарының алдын алу.

whatsapp-image-2021-01-18-at-17_30_17-1

Талдау көрсеткендей, үй малдарының қатысуымен орын алған ЖКО-ның көпшілігі тәуліктің қараңғы уақытында, жолға кенеттен шығып кеткен жануарды жүргізуші көрмей қалған. Өңірде мал иелеріне жарық шағылыстырғыш таспа-ленталар  мен спрейлер таратылуда.

whatsapp-image-2021-01-18-at-17_30_18-1

Көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатынан сақтануына  малға тағылған жарық шағылыстырғыштың көмегі көп.

whatsapp-image-2021-01-18-at-17_30_18

2021 жылдың 15 қаңтарында осындай жабдықтар Атырау – Доссор – Құлсары - Бейнеу республикалық маңыздағы автокөлік жолының Жылой ауданы тұсындағы, автокөлік жолына жақын орналасқан және үй жануарларының жолға шығу қауіпі бар деген 4 шаруа қожалығы иелеріне  табыс етілді.  Кездесу Атырау ОПД Әкімшілік полиция басқармасы, «Қазавтожол» АҚ Атырау облыстық филиалы, «NCOC» ЖШС және Жылой ауданы әкімі аппаратының дербес бөлімдерінің қатысуымен өтті.

whatsapp-image-2021-01-18-at-17_30_17

Айта "кетейік, 2019 жылы облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен 5 жол көлік оқиғасы орын алып, 4 адам қаза тауып, 5 адам түрлі дене жарақатын алған. Ал, биылғы 11 айда осындай екі ЖКО тіркелді, онда бір адам қаза тапты, тағы бір адам жарақат алды.

Атырау облысы полиция департаменті

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521