Махамбет Досмұхамбетов: Теңіз кеншінде жұмыс тоқтаған жоқ, адамдар жұмыссыз қалмайды

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте мəлімдеді" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда үлкен ошаққа айналған Теңіз кенішіндегі қалашықтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Ол жерден жұмысшыларды демобилизациялаудың мақсаты — азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Сол арқылы, аурудың кеңінен тарап кетпеуіне қол жеткізе алдық.

Жағдай тұрақтанған соң адамдар қайтадан жұмыс орындарына оралады. Теңіз кеніші жұмысын тоқтатып, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе мүлде жоқ» деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте.

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Теңізден өндіріске тікелей қатысы жоқ вахталық жұмыс мерзімі біткен 18 мыңнан астам жұмысшы уақытша тұрғылықты мекенжайларына шығарылды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT