МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ «ШЕВРОН» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ 

(0 Votes)

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Шеврон» компаниясының Евразия-Тынық мұхиты өңіріндегі барлау және өндіру жөніндегі Президенті Найджел Хирнмен кездесті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында «Шеврон» компаниясының қатысуымен Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысы талқыланды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов аталған компанияның ірі инвестор ретінде өңірдегі, жалпы, ел экономикасындағы рөлін атап өтіп, қалыптасқан тиімді әріптестік жалғасын табатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, негізгі акционері «Шеврон» болып табылатын «Теңізшевройл» ЖШС-і  Атырау халқы үшін қажетті әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға белсенді атсалысып жүргені үшін алғысын айтты.

f5436b80-9347-4c2b-bf5a-94c4fe702de3

Соның ішінде, коронавирус пандемиясымен күресте «Теңізшевройл» компаниясы үлкен қолдау көрсетті.

Өз кезегінде Найджел Хирн Атырау өңіріндегі жобалардың «Шеврон» компаниясы үшін үлкен маңызы бар екенін атап өтті.  Сосын Теңіз кен орнында  коронавирустың жаппай таралуына жол бермей, қатаң   санитарлық талап орнатып, эпидемиялогиялық ахуалды тұрақты ұстауға облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау жасалып келе жатқанын  ризашылықпен атап өтті. Жалпы, компания басшылығы мен жергілікті атқарушы органдармен арада қалыптасқан жақсы қарым-қатынас өндірістік және әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге оң ықпал етіп, бұл өңір халқының мүддесіне қызмет ететініне де ерекше тоқталды.

Айта кетейік, Атырау облысы аумағында аталған компанияның қатысуымен жұмыс жасап жатқан үш жоба бар: «Теңізшевройл» ЖШС-і, «Каспий құбыр консорциумы-Қ» АҚ;  «ШевронМұнайГаз» Инк. Полиэтилен құбырлары зауыты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521