Қазіргі уақытта қарғын су 17 жайылма учаскеде тіркеліп отыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.
Махамбет ауданы әкімдігінің мәліметінше, жыл сайын су Жайық өзенінің жайылмасына 9 мамырдан бұрын келмейді. Биыл қарғын су әдеттегіден екі апта бұрын келіп отыр.
Қарғын су байқалып отырған жайылма учаскелер:
1. Төлеп-Қарасу
2. Қоржын
3. Алмағамбет
4. Өлі шығанақ
5. Гагушкин
6. Қызыл жар
7. 15-ауыл
8. 13-ауыл
9. Петрушкин
10. 12-ауыл
11. 9-ауыл
12. Қарашығанақ
13. Кіші Қарашығанақ
14. 8-ауыл
15. Бақсай
16. Глухой
17. Сборный
Естеріңізге сала кетейік, Махамбет ауданында 4 мың бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы