Махамбет ауданында төрт ауыл ауызсумен қамтылды

Махамбет ауданында төрт ауыл ауызсумен қамтылды
(0 Votes)

Махамбет ауданындағы Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан және Көздіқара ауылдарында жалпы ұзындығы 65 шақырым болатын су құбыры желісінің құрылысы жүргізілді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бала Ораз ауылында атқарылған жұмыстарды «Ел-Даму-Ырыс» ЖШС жүзеге асырды. Құрылыс барысында су айдау мұнарасы орнатылып, қоршаулар мен жарық шамдары қойылды. Сонымен қатар, ауылішілік су құбырлары тартылып, аумақ абаттандырылды.

— Есмахан және Атамбаев ауылдарындағы құрылыс жұмыстарын «Универсалстройсервис» ЖШС атқарды. Қос елді мекенде де су айдау мұнаралары орнатылып, ішкі су желілері тартылып, инфрақұрылым толық жаңартылды. Бұл жобалар — ауылдық инфрақұрылымды жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам, – деді аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жігербек Төлеуғалиев.

Ал Көздіқара ауылындағы жобаны «Сұңқар Құрылыс LTD» ЖШС іске асырды. Бұл елді мекендегі жұмыстар да толық көлемде орындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT