21 мамыр күні «Махамбет – Сарытоғай» бағытындағы аудандық маңызы бар 5 шақырым тас жолы ашылды.
Махамбет, Сарытоғай ауылдарын тасқын су басы қаупіне орай, 16 мамыр күні «Махамбет – Сарытоғай» бағытындағы жол жабылып, су өткізгіш құбырлар орнатылған болатын.
«Қазіргі уақытта тас жол бойының екі жағына қорғаныс бөгеттері жасақталып, үстіне ұзындығы 12 метрлік плита қойылды. Жаяу жүргіншілер және жеңіл автокөліктер осы жолмен қатынай алады» делінген Махамбет ауданының ТЖ жөніндегі жедел штабының мәліметінде.
Орташа және ауыр жүк көліктері Сарытоғай ауылынан шығатын уақытта “Сейтек” шәйханасы жанындағы айналма жолды қолдана алады.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы