"Жасыл ел" еңбек жасағының сарбаздары тазалық акциясына жұмылды. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен өткен акцияның негізгі мақсаты - жастар мен аудан тұрғындарының арасында көшелерді қоқыстан арылтып, көгалдандыру жұмыстарына жүйелі түрде қатысып, тұрғындар арасында экологиялық және эстетикалық тәрбиені насихаттау.
Ұйымдастырылған кезекті акция бұл жолы А.Жұмашева көшесінде белсенді түрде жүргізілді. 28 сарбаз қатысқан игілікті істің нәтижесінде атылмыш көшеден 20 қап қоқыс шығарылып, көше толықтай тазартылды.
«Жасыл ел» сарбаздары 3 айдан бері тазалық жұмыстарымен, абаттандырумен, таза өлке сынды түрлі шараларға қатысып, өлкеміздің көркеюі мен абаттандыруға, жасыл желекке айналып, таза көше, таза табиғатта тынығуда өздерін жан-жақты қырларымен танытып, қоғамға айтарлықтай үлестерін қосуда.
Айта кетейік, биылғы жылы аудандық "Жасыл ел" еңбек жасағына 175 квота бөлінді.
А.Таубаева