Мақатта дауыс беру аяқталды

(0 Votes)

Аудан бойынша кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру аяқталды.

Бұл туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рахман Мақсотов мәлімдеді.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ден бастап дауыс беру тоқтатылып, сайлау учаскелері жұмысын аяқтады. Бүгінгі сайлауда дауыс беру учаскелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Мүмкіндігі шектеулі, алыс елді мекендердегі тұрғындарға және вахталық ауысыммен қызмет ететін жұмысшыларға дауыс беруге жағдай жасалды»,- дейді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Айта кетейік, аудан бойынша 12 сайлау учаскесі жұмыс жасап, учаскелердегі сайлау комиссиясына 12 төраға, 12 орынбасар, 12 хатшы және 48 мүше бекітілген болатын.

Ал аудан тұрғындарының 16339-ы дауыс беруі тиіс болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521