Ауданымызда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес ағымдағы жылдың 19 шілде-18 тамыз күндері аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы өткен болатын.
Шара аясында барлығы 185 хаттама толтырылған. Оның ішінде 608-1-бабымен масаң күйде көлік құралын басқарған 7 факт, 591-1 бабымен ұялы телефон қолданған 24 факт, 593-1-бабымен қауіпсіздік белдігін тақпаған 53 факт, 590-9-бабымен техникалық байқаудан өтпеген 2 факт, 600-1-бабымен жаяу жүргіншілерге жол бермеген 10 факт, 607-1-бабымен теміржол өткеліне тоқтамаған 3 факт, 612-1-бабымен жүргізуші куәлігі жоқ күйінде басқарған 6 факт, 615-1-бабымен жаяу жүргіншілер белгісі жоқ жерден өткен 53 факт және тағы да басқа құқықбұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар 13 автокөлік айып тұрағына қойылды.
«Әрбір жүргізуші көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережесінің талаптарын сақтай отырып, өзінің ісіне бар жауапкершілігімен қараса жол апатының алдын алып, өзінің де, өзгенің де өмірін сақтап қалар еді», - де йді Мақат аудандық полиция бөлімі.
А. Есжан