Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау 19 наурызға белгіленді

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Онда Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлау мерзімі бекітілген.

«1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын» делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдемесінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейтінін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521