М.Досмұхамбетов: «30 жыл ішінде Атырау облысында 170 мектеп пен балабақша салынды»

(0 Votes)

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- 2021 жыл барлық қазақстандықтар үшін маңызды кезең болып табылады. Өйткені, биыл біз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы кезеңде Қазақстан барлық салада зор табыстарға қол жеткізді және оны әлемдік қауымдастық мойындады. Бұл жетістіктер Атырау облысының көрсеткіштерінде де көрініс тапты. Әлеуметтік салаға, инфрақұрылымға келетін болсақ, мұнда да салмақты нәтижелер бар. Отыз жыл ішінде облыста 170 мектеп пен балабақша, 86 Денсаулық сақтау нысаны, 35 спорт нысаны, 31 мәдениет нысаны салынды, - деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 18 маусымында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг өткізуде.

Сурет: ашық дереккөз

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT