«Ұлттық қор – балаларға»: БЖЗҚ алғашқы болып төлем аударылатындар тізімін бекітті

«Ұлттық қор – балаларға»: БЖЗҚ алғашқы болып төлем аударылатындар тізімін бекітті
Коллаж: Kazinform
(0 Votes)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл төлем аударылатындардың тізімін жасады.

БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін бекітті. Тізім 1 ақпанда жарияланады.

«Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар», — деді БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жинақты азаматтар екі мақсатта пайдалана алады. Тұрғын үй алуға немесе оқу ақысын төлеуге болады.

Бұған дейін Kazinform тілшісі 18 жасқа толмаған балалалар бар ата-аналарға арнап, жобаның ең маңызды тұстарын тізіп шыққан болатын.

kaz.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT