Атырауда «Нұрлы тал» этнопаркінде ұлттық ойындардан жарыс өтіп жатыр. Рухани келісім күні аясында «Қазақстанның ұстанымы ұлттық берік, татулық конфессияаралық келісім» тақырыбында ұйымдастырылған мерекелік шараға діни бірлестіктер, этномәдени орталықтарының өкілдері қатысуда.
Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев сөз сөйлеп, құттықтау лебізін арнады. Бейбітшілік пен бірлікті, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен татулықты насихаттап, еліміздің рухани дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында елеулі үлес қосып жүрген бір топ облыс азаматтары облыс әкімі атынан алғыс хат марапатталды. Достастық ойыны теңге алу қойылымы, ат үстінде садақ ату, найза лақтыру ойыны, садақ ату, асық ату, ләңгі тебу, әйелдер арасында ұлттық тағам пісіруден жарысқа ұласты.
Айбөпе САБЫРОВА