ҚЫЛМЫС ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында: «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет», - деп атап өткен болатын. Қазіргі кезде елімізде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар арасынан зорлық-зомбылық, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға, сондай-ақ ата-аналар тарапынан кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау жиі кездеседі. Бұл тұрғыда кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне көңіл бөлмеу – олардың тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың негізгі себептерінің бірі екендігі мәлім. Сондықтан бүгінгі күні қоғам алдында тұрған әлеуметтік маңызды да өзекті міндеттердің бірі – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың өсуін төмендету, олардың алдын алу. 468 жасөспірім ұсталды ұл ретте, аудандық полиция бөлімінің мәліметінен білгеніміздей, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі, ювеналды полиция тобы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен аудандағы барлық білім беру ұйымдарында іс-шаралар ұйымдастырылып, онда балалардың түнгі уақытта үйінен тыс жерде өз еркінше қыдырмау, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасамау керектігі, балалардың сенгіштігінен оңайшылықпен қылмыстық қол сұғушылықтардың, оның ішінде жыныстық қылмыстың құрбаны болып кетуі мүмкін екендігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жыл басынан бері Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде және аудандағы барлық орта мектепте 9-11 сынып қыз балаларының қатысуымен «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» тақырыбында қыздар жиналысы өтсе, мектеп оқушылары арасында ата-аналардың қатысуымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Қауіпсіз бала – ортақ міндет» тақырыбында, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, терроризмнің, зорлық-зомбылықтың, суицидтің, кибербуллингтің, нашақорлықтың және интернет алаяқтықтың алдын алу, жалған хабарлама немесе ақпарат берудің жауапкершіліктері, қауіпсіздік ережелері туралы, сондай-ақ жаз мезгілінде су қауіпсіздігі, мотоцикл, мопед-скутер басқаруға тыйым салу, беймезгіл уақытта көшеде жүру қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жиналысы өтті. Сонымен қатар, тоғыз ай ішінде өткізілген «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жанұя және бала», «Тәуелділік», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жаз» және «Каникул» жедел алдын алу іс-шаралардың нәтижесінде аудандық полиция бөліміне әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 468 жасөспірім (өткен жылы – 328 жасөспірім) әкелінді. Олардың басым бөлігі, яғни 391 жасөспірім түнгі мезгілде тұрғын үй жайынан тыс жерде заңды өкілінсіз жүргені үшін тоқтатылып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 442-бабы 2 бөлігіне сай 384 ата-анаға жазбаша ескерту берілсе, 442-бабы 3 бөлігі бойынша жеті ата-анаға жалпы соммасы 90 454 теңге, 127-бабы 1 бөлігіне сай, 22 ата-анаға 474 422 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, аталмыш кодекстің 127-бабының 3 бөлігімен екі хаттама жасақталып, облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданады. Биыл кәмелетке толмағандарға қарсы жасалынған қылмыстар, оның ішінде сексуалдық сипаттағы қылмыстар бойынша бір факт анықталды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша жәбірленуші болып табылған қыз бала мектеп оқушысы. Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында аудандық ауруханамен ай сайын салыстырмалы түрде акт жасақталады. Соның нәтижесінде биылғы тоғыз айда ешқандай факт тіркелмеген. Алайда, өткен жылы үш жасөспірім жүктілікпен есепке алынды. Үшеуі де 16 жасқа толған және отбасы құрғаннан кейін жүкті болған. Міне, тәрбиеге бағынбау, өз еркінше қыдыруға ниетті болу, бөгде адамдармен танысу, ата-ана еңбегін бағаламаудың соңы жасөспірімдерді осындай келеңсіз жағдайға ұрындыратыны анық. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» Әрине, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуына тек ата-аналар ғана емес, оларға білім беріп жатқан білім беру ұйымдары да жауапты. Ал, бұл бағытта аудандық білім бөлімінде қандай жұмыстар атқарылуда? Бұл ретте, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Қанат Алпановтың мәліметіне сүйенсек, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында білім беру ұйымдарында 967 бейнебақылау камерасы орнатылып, 15 мектеп арнайы күзетшілермен қамтылды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бағытында әлеуметтік желілерде аудандық білім беру бөлімі дайындаған «Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылық пен қылмыс бүгінгі қоғамның дерті» тақырыбында қылмыс жасап, абақтыға түскен жасөспірімдердің қателіктері баяндалған бейнеролик, облыстық полиция департаменті дайындаған «Бала қауіпсіздігі бойынша кеңестер», «Егер сіз есірткінің жасырын жарнамасын көрсеңіз, назар аударыңыз!» «Бей-жай болмаңыз!», «Терроризм арбауынан сақтан!» атты жадынамалар, «Ерте жастан жүктіліктің және ерте отбасын құрудың алдын алу» тақырыбында ақпараттар жарияланды. Бұған қоса, әлеуметтік желілерге жасы кәмелетке толмаған, қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың, суицидтің алдын алу мақсатында психологиялық қолдау орталығының, аудандық білім бөлімінің және білім беру ұйымдарының сенім телефондары оқушыларға және ата-аналарға таныстырылып, салынды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің білімді, заман талабына сай болып қалыптасуына ықпал жасау мақсатында есепті мерзім ішінде «Жасөспірім және кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылық», «Балалар арасындағы әлімжеттік жасау, күш көрсету», «Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, қылмыстық жауапкершілік», «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі», «Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы» тақырыптарында полиция қызметкерлері, ата-аналар комитетінің төрағалары мен қамқоршы кеңес мүшелерінің қатысуымен ата-аналар мен оқушылар арасында жиналыстар өткізіліп, «Зорлық-зомбылықсыз болашақ» тақырыбында ата-аналар мен полиция қызметкерлерін қатынастыра отырып дөңгелек үстел, «Жасөспірімдер арасындағы жүктілік», «Ерте жастағы неке» тақырыбында аудандық аурухана гинекологымен түсіндірме жұмыстары, «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» шарасы аясында мектеп жанындағы лагерлерде «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», «Бала еңбегін қанауға қарсымын!» тақырыпта флэшмоб, суреттер байқаулары ұйымдастырылды. – Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, ең алдымен, ата-аналар баласына қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйретіп, оны бақылап, қорғауы керек. Осы мақсатта 18 мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ата-аналарға кеңес беріп, бірлесе жұмыс атқаруда. Құқық бұзушылықтың алдын алудағы шаралардың бірі – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану. Бұл ретте, ауданда бес қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оқушылардың бейіні және қызығушылығына қарай биылғы оқу жылында қосымша білім беру ұйымдарына 2458 оқушы, ал мектеп жанындағы үйірме мен спорттық секцияға 4892 қатысуда, - дейді аудандық білім Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүруінің алдын алу мақсатында прокуратура өкілдері, аудандық білім бөлімі, мектеп әкімшілігі, округ әкімінің мамандары және аудандық полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтік шара кезінде аз қамтылған отбасы, жайсыз отбасы және аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған балалардың да отбасылары тексерілді. Қазіргі таңда ауданда «Жайсыз отбасы» есебінде тұрған төрт отбасында мектеп жасындағы жеті бала тәрбиеленуде. Ал, аудандық полиция бөлімінің есебінде тұрған екі оқушы мектепішілік бақылауға алынып, тәрбиелік шараларға, мектеп жанындағы үйірмелерге тартылды. Мектеп психологтары, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар бірлескен түрде екі оқушымен және олардың ата-анасымен екі жақты жұмыс жасап келеді. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, аталмыш қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет. Бауыржан САҚТАСЫНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT