Күзет қызметін бақылау бөлімі ашық есік күнін ұйымдастырды

Күзет қызметін бақылау бөлімі ашық есік күнін ұйымдастырды
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Ашық есік күні” өтті. 

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтарға күзет қызметінің жұмысын таныстыру, халықпен тығыз байланысты нығайту, сондай-ақ полиция мен күзет ұйымдарының өзара іс-қимыл механизмдерін түсіндіру.

 Шараға жалпы 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында күзет ұйымдарының қызметкерлері, қоғам белсенділері және салаға қызығушылық танытқан тұрғындар болды. Қатысушылар тарапынан лицензиялау, арнайы құралдарды қолдану, қызметтік әрекет шектері және азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер көтерілді.

 Іс-шара барысында ПД өкілдері күзет қызметінің құқықтық негіздері мен талаптары, саладағы өзгерістер және бақылау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, полиция мен жекеменшік күзет ұйымдарының тиімді өзара іс-қимылы үшін қандай қадамдар жасалып жатқаны туралы айтылды.

 Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын жеткізіп, нақты жауаптар алды. Бұл шара – қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT