Қуандық Жақиялиев – «Атырау» футбол клубының жаңа директоры 

Қуандық Жақиялиев – «Атырау» футбол клубының жаңа директоры 
(0 Votes)

«Атырау» облыстық футбол командасы» ЖШС директоры болып Қуандық Қалбайұлы Жақиялиев тағайындалды.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі еңбек жолын Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепте мұғалім болып (2002-2012) бастаған.

Кейін «Атырау» футбол клубында балалар-жасөспірімдер жаттықтырушысы ретінде қызмет атқарып, клубтың футбол орталығын басқарған (2013-2017).

Содан соң төрт жыл Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Геолог және Ақсай ауылдық округтерінің әкімі лауазымында болып, артынша Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы және облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты мекеме басшысы қызметтерін атқарған. Жұмыста өзін тәжірибелі ұйымдастырушы және білікті маман ретінде танытқан Қуандық Қалбайұлының шәкірттері қазіргі таңда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылып, Премьер-лига клубтары сапында өнер көрсетеді.

Клубтың жаңа басшысын бүгін ұжымға Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Тұрарұлы Сыдықов таныстырды.

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT