Құрманғазы ауданында қамыстан қағаз шығару жоспарланып отыр

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы - табиғи ресурстарға бай әрі туризмге сұранып тұрған өңір.

 Бүгінгі таңда ауданда 10-ға жуық демалыс орындары жұмыс істеп тұр. Көрші облыстардан, жақын шетелдерден келетін туристер балық аулау, аңшылылыққа шығаратын орындарға жиі барады. Аудан басшылығы туризм саласын одан ары дамытудың жоспарын жасауға ниетті.

“Ауданымыз теңізге жақын орналасқандықтан қамыс көп екендігі белгілі. Бұл бағытта инвесторлар қызығушылық танытып, қамыс өнімінен қағаз шығаруға ынта танытуда. Бұл өндірісті жолға қоюға 90 млрд. теңге қаражат құя алатын кәсіпкерлермен келіссөздер басталып отыр. Егер инвесторлармен сәтті келісім жасалса, онда аудан халқына 500 орындық жұмыс көзі ашылады. Инвесторға зауыт салуға тиісті жер көлемі де көрсетілген. Енді инвестордың мамандарының зерттеп, сараптауынан кейін жұмыстың басталуы алыс емес”,- деді аудан әкімі А.Жанғалиев.

Айта кетейік, аудан басшылығы жалпы туризм мен табиғи өнімге сұранып тұрған Құрманғазы ауданына инвестиция құюға әзір кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, қолдауға дайын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT