ҚР Президенті медицина мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады

фото: rbc.ru
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.

Бүгін адам жанының арашасы – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген бұл мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сала мамандарын құттықтап: «Дәрігер немесе денсаулық сақтау маманы болу – мақтаныш пен абырой!», - деп атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус құттықтап, сала мамандарының алаңсыз қызмет атқаруына жағдай жасау бүкіл адамзат міндеті екенін еске салды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT