Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр негізгі инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалармен танысты. Сапардың мақсаты – қалалық ортаны жақсартуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған бастамаларды бағалау.
Нысандардың бірі 2024 жылы қайта жаңартылған Шымкент теміржол вокзалы болды. Оның ауданы екі есеге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6000 жолаушыға дейін өсті. Жобаға инвестиция 1,1 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары 500 балаға арналған №2 Оқушылар сарайының қыметімен танысты. Мұнда оқушылар ғылым, өнер және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Жалпы құны 254 млн теңге болатын жобаны іске асыру қаланың білім беру инфрақұрылымын жетілдірудің жарқын үлгісі болды.
Сондай-ақ делегация сенімгерлік басқаруға берілген және 250 мың адамды электр қуатымен қамтамасыз ететін «Бозарық» қосалқы стансасының жұмысымен танысты.
Әрі қарай Роман Скляр «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты. Ірі инвестициялық жоба аймақты жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз етуге және 5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Инвестициялардың жалпы көлемі $650 млн, ал жоспарланған өндірістік қуаты жылына 155 мың тонна өнімді құрайды.
Абаттандыру мәселесі, атап айтқанда, «Шымсити» саябағының құрылысы және 2 мың орындық «Tulip Hall» конгресс-холлының ашылуы мәселелері қаралды.
Сонымен қатар Роман Скляр халықаралық деңгейдегі логистикалық орталық – «НМИ‑Юг» ЖШС көкөніс қоймасының жұмысымен танысты. Нысан әуежай мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы жанында орналасқан. Жүктерді жедел өңдеуге арналған Cross Docking жүйесі бар орталық ауыл шаруашылығы ішкі және сыртқы нарыққа жеткізуді едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өңірді қосымша 100 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған, инвестиция көлемі 27 млрд теңгені құрайтын «Кока‑Cola Алматы Боттлерс» БК ЖШС зауыты да қаралды.
Жұмыс сапарының тағы бір пункті - Шымкент әуежайының жаңа терминалы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың желтоқсанында ашылды. а/к жобасын іске асыруға SCAT 24 миллиард теңге инвестициялады.
2024 жылы Шымкент қаласының жалпы өңірлік өнімі 12%-ға, құрылыс көлемі 27%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 42%-ға артты. Тартылған инвестиция көлемі 9%-ға ұлғайып, 78,2 млрд теңгені құрайтын ірі 12 жоба іске асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар қаланың индустриалды аймақтарында жалпы құны 225 млрд теңгені құрайтын 293 жоба іске асырылды. Бұл қолайлы инвестициялық ахуалды құру және қайта өңдеу өнеркәсібінде ауқымды жобаларды жүзеге асыру арқасында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.
Премьер‑министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр аталған жобаларды іске асыру қарқынын жоғары бағалап, олардың Шымкент пен жалпы өңірдің әлеуметтік‑экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бастамалар қалалық ортаны жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал етеді.