Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі туралы жолданатын сауалдар легі жеткілікті. Бүгін аталған тақырып төңірегіндегі негізгі мәліметтерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалы әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы Айнұр Есқалиева баяндайды.
«Неке және отбасы туралы» Кодекске сәйкес көп балалы отбасы құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар
Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:
төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
бес балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; алты балаға – 24,05 АЕК немесе 88 973 теңге;
жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге қосымша 4 АЕК (14 768 ) бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ барып, мына құжаттарды ұсына отырып өтінім беруге болады:
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Туу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса, 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының жыл сайын берілетін анықтамасы;
Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленген немесе асырап алу жағдайында - балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгiленгенін растайтын құжат немесе Туу туралы акт жазбасынан асырап алғаны туралы мәліметтер;
Өтініш беруші деректерімен баланың туу туралы куәлігіндегі деректер бойынша айырмашылықтар болған жағдайда - Неке қию (ерлі-зайыпты болу), Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік; сот шешімі (ерлі-зайыптылар арасындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде балалардың ата-аналарының бірімен бірге тұруын растау үшін);
Аталған мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 7 (жеті) жұмыс күні болып табылады.