Көшпенділер мұрасы – болашаққа бастар жол

Көшпенділер мұрасы – болашаққа бастар жол
фото: www.akorda.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда еліміз үшін бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, шешімдер қабылдаған болатын. 

Соның ішінде тарихи-мұраларымызды жетілдіру керектігін тілге тиек етті. Президенттің «Көне заманнан келе жатқан көшпенділер дәстүрі елді артқа тартатын емес, болашаққа бастайтын мықты қуат көзі болуға тиіс» деген пікірі – бүгінгі ұлттық сана мен тарихи жадымызға жаңа серпін беретін тұжырым. Расында да, көшпенділер мәдениеті – біздің тек өткеніміз ғана емес, болашаққа бастайтын рухани іргетасымыз.

Қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы мен салт-дәстүрі – ұлтты ұйыстырып, өзгелерден даралайтын құндылықтар. Оларды заманауи формада қайта түлету – ұлттың дамуына серпін береді. Бұл орайда археология, музей ісі, тарихи зерттеулер сынды бағыттар өзара байланысып, жүйелі түрде дамуы қажет.

Көшпенділер өркениетін жаңғырту – тарихқа жабысып қалу емес, қайта оны болашақпен сабақтастыра білу. Сондықтан бұл сөздер – ұлттық жаңғыру жолындағы нақты бағдар іспеттес.

Қабылхан Омаров,

ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT