Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (бұдан әрі – Басқарма) қатысты нарық субъектілерінің бәсекелестігі мен жарыспалығы қағидаттарын сақтай отырып, конкурстық құжаттаманы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңнамасына сәйкестендіру мақсатында тергеп-тексеру жүргізілді.
Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, сондай-ақ тауар нарығына қолжетімділікті шектеуге, тауар нарығына шығуын шектеу немесе одан нарық субъектілерін ығыстырып шығаруға әкеліп соққан актілер не шешімдер қабылдаудан көрінетін Басқарманың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері бөлігінде, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша сот талқылаулары екі жылдан астам уақытқа созылды.
Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі Сот алқасы (бұдан әрі — Сот алқасы) өзінің 2025 жылғы 9 қаңтардағы шешімімен Департамент бұйрығын күшінде қалдырып, нәтижесінде Басқарма іс-әрекеттеріндегі бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін растап және МЖӘ-нің даулы жобасы бойынша конкурс шарттарының бір бөлігі заңнамада көзделмегендігі, әлеуетті жеке серіктестердің құқықтары мен бәсекелестік шеңберін тарылтады деген қорытындыға келді.
Сондай-ақ, Сот алқасымен «Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің және «Atyrau Innovations» ЖШС басшыларының атына осы істі қарау кезінде анықталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнама талаптарын бұзу фактілеріне және алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы конкурстық құжаттаманы әзірлеу және бекіту кезінде оларды болдырмау мақсатында шаралар қабылдау қажеттігін көрсете отырып, жеке ұйғарым шығарылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Осы аталғандарды ескере отырып, Департаментпен басқа да әлеуетті жеке серіктестер үшін «Атырау қаласының жасыл желектеріне күтім жасау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурсқа қатысуға қиындық туындататын және шектейтін кедергі жойылды.