Комиссия мүшелері дайындықтан өтеді

(0 Votes)

Елімізде сайлау процесіне қатысатын комиссия мүшелері дайындықтан өтеді. Қазір оларды оқыту басталды. Яғни мамандар, сайлаудың тәртібі мен заңдылықтары бойынша білімін жетілдіреді.

Саяси науқан кезінде олар өз міндеттерін дұрыс атқарып, заң аясында ғана әрекет етуі тиіс дейді ұйымдастырушылар. Ал, 21 қазаннан бастап БАҚ беттерінде үгіт-насихат жұмыстары жарияланбақ. Сондай-ақ, аумақтық учаскелердің бәрінде кандидаттар туралы ақпараттар ілінуі тиіс.

 Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мадиева: «Жалпы алғанда 3856 адам түгел дерлік 18 қарашаға дейін оқып бітуі керек. Сонымен қатар, тест тапсырып, сертификат алуы керек. Яғни, ол сертификат әрбір сайлау комиссиясы мүшелерінің сайлау туралы заңды жақсы білетіні, оны сол өздерінің міндеттерін сайлау процесіне кіріскен кезде өз жұмыстарын дұрыс атқаруы үшін қажет»,- дейді.

«МТ»

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT