Қоғамның негізгі тірегі

(0 Votes)

Президенттің 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – маңдай терімен елдің еңсесін көтеріп жүрген еңбек адамдарына көрсетілген зор құрмет. Сол құрметтің алдыңғы сапында – ел келешегін кірпіштен қалап, болашақтың бейнесін сомдап жүрген құрылысшылар тұр.

Құрылысшы мамандығы – тек кәсіби еңбек емес, елдің дамуы мен жаңаруына тікелей үлес қосатын асыл міндет. Олар салған зәулім үйлер мен сәулетті мектептер, мәдениет ошақтары мен өндіріс орындары – Қазақстанның өркендеуінің нақты көрінісі. Әр кірпіштің астында олардың төккен тері мен табандылығы, елге деген сүйіспеншілігі жатыр.

2025 жыл – құрылысшы мамандардың беделін биіктетіп, жастарды адал еңбекке, нақты іспен елге қызмет етуге шабыттандыратын ерекше жыл болмақ.

Ш.Ищанғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT