Ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын 9 көшеге асфальт салынады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі
Бұдан бөлек, тасқыннан бүлінген қалаішілік 12,1 шақырымды құрайтын авто жолдың 6,8 шақырымы жөндеуден өтті. Жұмыстар өндірістік кестеге сай жалғасуда - Қаладағы С. Шәкіров, І.Сариев, А.Қауқаев, С.Датов көшелері мен С.Шәкіровты қосатын өткел және №181, №4, №204, №205, №207 №208, №209 нөмірлі көше жолдары мен орталық ауруханаға кірме жол жөнделеді. Сондай-ақ, Тұзтөбе, Нұрлы жол, Д.Әжіғалиев, У.Абдрахманов, П.Бекбосынов, Сауран, Н.Ондасынов, №200, К.Аманжолов, Е.Тауманов және А.Секербаев көшелері мен №24 мектеп гимназиясына кірме жолы жаңартылады, - деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұралы Әбишан.