Құқықтық сауаттылық басты назарда

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Төрағасы Дархан Жазықбайдың мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық болмысы туралы «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты кітабында баяндалғандай: «Бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің ортақ міндеті – халық үніне құлақ асып жұртшылықтың талап-тілегін ескеретін, қоғамның сұранысына толыққанды жауап бере алатын ашық, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. 

Мемлекеттік қызметтің кәсіби, құндылық және әдептілік мазмұнын дамыту үшін мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыратын адамдардың кәсіби қызметінің жүйесі екенін түсінген жөн. 
Мемлекеттік қызметші жұмысының ерекшелігі оның үнемі қоғам назарында болатыны және ол белгілі бір деңгейде мемлекеттік өкілеттіктерге ие, мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы, қолында құзыреті бар адам.
Тиісінше, мемлекеттік қызмет – бұл жоғары жауапкершілікті, кәсібилікті және жеке парасаттылықты талап ететін ерекше сала».
Осы тұста, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – заңдылық қағидаты болып табылатынын атап өткен жөн.
Бұл ретте, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөнінжегі кеңес төрағасы Нұрлан Тәңірбердіұлы Еркебаевпен Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы және Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту өткізілді.
Өткізілген құқықтық оқытуға жоғарыда аталған басқармаларға қарасты квазимемлекеттік орган басшылары, орынбасарлары мен қызметкерлері 
де қатыстырылды.
Өз кезегінде, құқықтық оқыту барысында, қолданыстағы заңнама талаптары, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің қоғамда алатын орны мен рөлі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары, қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшыларының жауаптылықта болуы, мемлекеттік қызетшілердің шектеулерді сақтауы туралы түсінік берілді.
      Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 
ҚР Заңының талаптарына сәйкес, «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтыны туралы атап өтілді.
 Осы тұста, әрбір мемлекеттік қызметші Мемлекет басшысы 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл – туған халқыңның алдында айрықша жауапкершілік деген сөз», - атты байламды тұжырымын әрдайым ескеру қажеттілігін атап өткен жөн.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі 
Д.М. Китенбаева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT