Соңғы жылдары мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлттық құрылтай өткізуді қолға алды. Құрылтай билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалогті қамтамасыз етіп қана қоймай, ең өзекті мәселелер бойынша ымыралы шешімдер әзірлеуге ықпал етіп келеді.
Биылғы құрылтайда да өзекті тақырыптар қозғалып, түйіткілді мәселелер айтылды. Соның бірі – қазақ киносы. Яғни, ондағы тәрбие, ұлттық болмыстан алшақтамай керектігі баса айтылды. Өте дұрыс, біз сол кино арқылы ұрпағымызды тәрбиелейміз.
«Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек. Көрерменнің көңілін көтеріп, күлкі сыйлау – бір бөлек, жағымсыз әдеттерді насихаттау – бір басқа. Зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер де пайда болды. Осы жерде бір нәрсені ескерген жөн. Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрларға шығармас бұрын алдын ала сараптаудан өткізу жолдарын қарастырған жөн.» деді Мемлекет басшысы.
Иа, біз экран арқылы ұрпағымызды тәрбиелеп қоймай ұлттың болмысын, тарихын да сол арқылы аламыз. Ендеше, саны бар емес сапасы бар кинолар түсірілсе игі.
Мереке АЙЖАРЫҚОВ,
Ойыл ауылдық округі бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы