Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 28 сәуір сағат 8-дегі жағдай
Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.
Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 333 см, тәулігіне көтерілу + 8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 204 см құрайды
Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекеті бойынша су деңгейі 205 см, тәулігіне көтерілу + 9 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 195 см құрайды
⁃ Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 201 см, тәулігіне көтерілу +4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 104 см құрайды.
28 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 610 м3/с құрайды.
Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы