Қиғаш өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет 20 сәуір, 2024 ж

(0 Votes)

 Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 20 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша:

 Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде арнайы төгінділердің көбеюіне байланысты.  

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 231см, тәулігіне көтерілу +18см.

Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 84 см құрады.

Қиғаш өзені – Котяевка селосы су бағанындағы су деңгейі 114 см, тәулігіне +14 см.

Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 104 см құрайды Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 161 см, тәулігіне +7 см.

Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 64 см құрайды.  

20 сәуірде Еділ су электр станциясының төгінділері 17630 м3/с құрайды.

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

t.me/ insta/ WhatsApp/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT