Мемлекет басшысы 2024 жылдың 15 наурызындағы Ұлттық құрылтайда қоғамды жайлаған бес кеселмен, оның ішінде нашақорлықпен бүкіл ел болып күресіп, тосқауыл қоюға шақырды.
Бас Прокурормен дереу есірткінің заңсыз айналымын жоюға жедел және аянбай күресті күшейтуді талап етті.
“Облыс прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары тарапынан есірткінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған шаралар үнемі белсенді жүзеге асырылуда” – деп атап өтті облыс прокуроры Бауыржан ЖҰМАҚАНОВ.
Нақты жұмыстардың нәтижесінде Өзбекстан Республикасының 3 азаматы есірткі заттарды аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сақтап, Атырауда тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары негізінде ұсталды.
Мемлекеттік айыптаушының сапалы айыптауды қолдау нәтижесінде олар Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 23 сәуіріндегі алқабилердің үкімімен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.
Атырау облысының прокуратурасы нашақорлықты түбегейлі жоюға аянбай күресті жалғастыруда.
Атырау облысының прокуратурасы