Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде таратылған ХҚКО-да АӘК құжаттарын қабылдау туралы ақпарат жалған болып табылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. АӘК тағайындауға өтініштер Халықты жұмыспен қамту орталықтарында және әкімдіктер жанындағы жұмыспен қамту бөлімдерінде қабылданады. Құжаттарды 2020 жылғы қаңтардың соңына дейін тапсыруға болады, - делінген хабарламада.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау критерийлеріне сәйкес келетін азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап төленеді, АӘК алатын отбасылардың балалары үшін кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілетін болады.
BAQ.KZ
Фото: ашық дереккөз