Аудан тұрғындары үшін апта тағы да жағымды жаңалықпен басталды. Өткен санымызда «Харекет» қайырымдылық қорының қолдауымен Мақат кентінің тұрғындары Ахметовтер отбасы баспаналы болғандығын жазып, қуанышты хабармен бөліскен болатынбыз.
Көп ұзамай игі бастама жалғасын тауып, Доссор кентінің тұрғындары Дюсалиевтер отбасы баспаналы болды. Күтпеген жерден екі қабатты үйдің иесі атанған үй иелерінің қуанышында шек болмады. Аталмыш қайырымдылық қоры үшін бірнеше ай бұрын аудан еріктілері тұрмыс жағдайы төмен отбасыны анықтаған еді. Сөйтіп, "Харекет" қорының Атырау облысы бойынша басшысы Жанарыс Сырымұлы мен Атырау қаласының беделді аспазшы блогері Бағдат Талғатұлы аталған отбасының бар жағдаймен танысқан болатын.
Дюсалиевтер отбасы Доссор кентінің тұрғылықты тұрғындары. Тағдырдың небір қатал төзгісінен өтіп келе жатқан отбасы ешқашан да мойыған емес. Отбасының ұйытқысы Гүлсінай Дюсалиева үш бірдей мүмкіндігі шектеулі балаларын бағып отырған қайсар жан. Соңғы кезде отағасы Мәжит Дюсалиев аты жаман дертке ұшырап, мүшкіл халге түсуі отбасы мүшелерін одан сайын алаңдатқан. Тозығы жеткен баспанада ерекше жандардың күн кешуі тіпті қиын жағдай екендігі сөзсіз.
Толығырақ газетіміздің №25-ші санынан оқи аласыз!
Ж.ҚАМЗА