Халықаралық іздеудегі қылмыскерлер Атыраудан құрықталды

(0 Votes)

Атырау қаласы аумағында полицейлер 17-18 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы аясында халықаралық іздеуге жарияланған 3 азамат ұсталды – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, олардың бірі Өзбекстан Республикасының 38 жастағы азаматы Ресей Федерациясының Қылмыстық Кодексінің 160-бабының 4 бөлімімен негізделген қылмыстық құқықбұзушылық жасап іздеуде жүрген. Қалалық полиция қызметкерлерімен анықталған қылмыскер анықталып, ұсталып, қолхатпен жіберілді.

2 сәуір күні Атыраулық полицейлермен Қарақалпақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 165-бабы 2 бөліммен көзделген қылмыстық әрекет жасап, тергеуден бой тасалап, іздеуде жүрген қылмыскері анықталып, ұсталды. Құрықталған 1985 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты бұлтартпау шарасы «қамауға алу» санкцияланып, ұсталып, қамауға алынды.

Қазір ұсталғандар туралы ақпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне және іздеу жариялаған шетелдік әріптестерге жолданды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Волгоград қаласының Полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257-бабы 3 бөлімімен негізделген қылмыстық құқық бұзушылық жасап іздеуде жүрген 31 жастағы азаматы РФ-ның Краснодарск қаласының №6 түзеу колониясында (6 ИК) қамауда екені анықталды.

Жалпы жыл басынан қылмыстық жауапкершіліктен жалтарған, яғни, тергеу, анықтау және сот органдарымен іздестірілуде жүрген 47 тұлға тіркелсе, 16 тұлға ұсталып, іздеу есебінен түсіріліп, бұған дейін жасалған 7 қылмыс ашылды.

Айта кету керек, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеудегі адамдардың сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушылары мен лидерлерінің жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралар кешенін өткізу ұйымдастырылуда.

Із-түзсіз жоғалған азаматтардың және танылмаған мүрделерге қатысты іздестіру жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында, хабарсыз кеткен тұлғалардың жақын туыстарының қан үлгілері, сол сияқты танылмаған мүрделердің геномдық үлгілері (қан, шаш, тіс және тырнақ үлгілері) келешекте салыстыру жұмыстарын жүргізіп, геномды-молекулярлық сараптама тағайындау мақсатында алынып, тиісті жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізілуде.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT