Халық қалаулылары елдің елеулілерімен көрісті

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалы өкілдері наурыз мерекесіне орай канвассинг форматы бойынша ауданның дамуына өз үлесін қосқан бірқатар сала ардагерлеріне көрісіп шықты.

Алдымен Доссор кентінде басталған көрісу-канвассинг ұзақ жыл мұнай саласында абыроймен қызмет атқарған еңбек ардагерлері Есмырза Саликов және Дәріжан Қаниқызының шаңырағынан басталды. Ардагерлермен емен-жарқын әңгімелескен партия өкілдері оларды ұлттық мерекемен құттықтап, естелік сыйлық табыс етті. Бүгінде бес ұл-қызынан, 14 немере-жиен, 5 шөбере сүйіп отырған ардагерлер халық қалаулыларына ақ батасын беріп, атқарып жүрген абыройлы қызметтеріне сәттілік тіледі.

kvasing-2

Сондай-ақ, депутаттар партия ардагері Аманияз Қабдоловтың шаңырағына арнайы барып көрісіп, еңбек еткен жылдарындағы игі бастамаларын тілге тиек етіп, ризашылықтарын білдірді.

Әңгіме барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасында негізделген Жол картасындағы атқарылатын жұмыстар да талқыланды.

Мақат кентінде жалғасқан шара барысында партия өкілдері Досқалиевтер отбасына арнайы барып Жамбыл ата мен Байсұлу әжеге көрісіп қайтты. Бүгінде олар 4 бала өсіріп, 18 немере, жиен-шөберенің қызығына бөленіп отырған жандар.

Досқалиев Жамбыл қырық жылға жуық мұнай саласындағы ерен еңбегі үшін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» ескерткіш белгісімен, 2011 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ «Доссор мұнай кен орнына 100 жыл» ескерткіш белгісімен марапатталған. Бір кездері еңбегімен елге танылған болса, бүгінде қария ел ішінде батагөй ақылшы қарт қатарында абырой беделге ие болып жүр.

kvasing-3

Одан әрі депуттар теміржол және мұнай саласының ардагері Исмағұлов Жұмажан және Гүлсім әженің шаңырағына бас сұқты.  Жұмажан ата ел арасына композитор қырымен де танылған. Оның 1969 жылы жарық көрген "Машинист" әні ауданның әнұраны іспеттес. Одан бөлек Жұмажан атаның “Жайық жағасында” және “Жұлдызым” әндері бар. Үш әннің де сөзін жазған Ескендір Кенжеханов. Бүгінде қария 4 бала өсіріп, немерелерінің  ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

0cf4e966-db45-4d6f-a2ee-9dbccdfccbaf

Бәйгетөбе ауылдық округіндегі “Көрісу-канвассинг” Тыныштық Шелтеуова және Балмекен Жұрханованың шаңырағында өтті.

1c38ab89-909f-4ddd-bc58-41a7cca69c55

Партия өкілдері ақ жаулықты аналардың отбасыларына арнайы көрісе шығып, мерекемен құттықтады. Зейнеткер жандар өз ризашылықтарын білдіріп, халық қалаулыларына еңбектеріне жеміс тілеп, ақ баталарын берді.

Кездесулер санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT