«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталды

(0 Votes)

30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында бастау алған акция биыл Атырау облысы бойынша бірнеше өңірде өтуде.

 Атап айтқанда, Атырау қаласы, Қ.Сәтпаев көшесі, 23 мекенжайында және Қызылқоға ауданы Миялы ауылы, «Арман» мәдениет үйі, Х.Досмұхамедұлы көшесi 1, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылында, Абай көшесі 2, Құрманғазы мәдениет үйінде, Мақат ауданында, Мақат кентінде, Қ.Сәтпаев көшесі 3а, «Ашық әкімдік» ғимаратында, Исатай ауданында, Аққыстау ауылында, Мұнайшы көшесі 35, Жалын мәдениет үйінде ұйымдастырылуда.

Акция бір мезгілде, сағат 15.00-де басталды. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету мақсатындағы акцияға кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521