Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын Гаухар Шаймерден есімді кішкентай қыз өзінің ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына берді.
4 сыныптың оқушысы смартфон сатып алу үшін жыл бойы ақша жинаған екен. Алайда, Атырау облысындағы су басқан қаланы көргенде жаны ашып, бар жинағын құлсарылықтарға беруге шешім қабылдаған.
Гуманитарлық көмек тиелген КАМАЗдар басқа да заттармен бірге Гаухардың сәлемдемесін Құлсарыға жеткізді. Келген көмекті ризашылықпен қабылдаған тұрғындар, кентаулық мектеп оқушысының жіберген ақшасын жұмсамай, жергілікті мұражайда сақтап қоятын болды. Бұл кішкентай қазақстандықтардың игі істерінің символы болмақ.
Атырау облсының ТЖ жөніндегі жедел штабы