Бүгін, 16 маусым «AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының ғимаратында партия жанындағы Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық мәслихат депутаты Әділбек Идиятов төрағалық етті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Данияр Төкешовке сөз берілді. Оның баяндамасы 2021-2025 жылдары 4,2 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру туралы болды.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбай негізінен аудан бойынша 22,4 шақырым автомобиль және шақырым жаяу жүргіншілер жолдарын қайта жаңғырту (құрылысы), Доссор-Мақат кентіндегі асфальт, көлік, жаяу жол жүргіншілердің осы жылға жоспарланған жұмыс аумағы және келесі жылға жасалып жатырған жаяу жүргіншілер, асфальт жолдары жөнінде жасақталып жатырған жобалық смета құжаттамалар туралы баяндама оқыды. Кейін Темірбек Кәримоллаұлының сөзін жол салу жұмыстарына жауапты мекеме «АтырауИнжСтрой-АИС» ЖШС атынан қатысқан Қази Башаров жалғады. Жастар ресурстық орталығының маманы Райымбек Исламовтың баяндамасы «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатырған жұмыстарға қатысты болды.
Барлық сөз кезегі ұсынылған жауапты тұлғаларға кеңес төрағасы мен мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
А. Жұмабекұлы